Жоғарғы Сот Ақпарат және коммуникациялар министірлігімен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорация қызметкерлеріне семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халыққа "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, оның сапасын қамтамасыз ету мақсатында Жоғарғы Сот Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының өңірлік өкілдері үшін бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізді.
Өткізілген іс-шара барысында Мемлекеттік корпорациясының өкілдеріне апостиль қою мемлекеттік қызмет жөніндегі өтінішті қабылдау мәселелерін, қажетті құжаттар тізбесін, қызмет көрсету мерзімдерін, апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеу, сондай-ақ, қызмет берушінің қызмет көрсету тәртібін анықтайтын сұрақтары, оның ішінде Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалануды реттейтін Стандарт және Регламенттің ережелері түсіндірілді.
Мемлекеттік корпорациясының операторларымен қызмет көрсету туралы өтініштерін қабылдау кезінде жиі жіберілетін қателіктер талқыланды.
Тындаушылардың назарына соттардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы өтініштерді Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында «Апостильдеу» функционалдағы «Сот кабинеті» сервисі арқылы беру мүмкіндіктері туралы ақпарат жеткізілді.

 

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі