Жамбыл облысында кәсіби сот корпусының қалыптасуын жетілдіру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлт Жоспарының 17 қадамын жүзеге асыру мониторингінің мақсатында Мәжіліс Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьялары, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі және Судьялар одағының өкілдері жұмыс бабымен Жамбыл облысына келді.

Сапардың аясында қонақтар аймақтың судьяларымен, прокуратура өкілдері және адвокаттар алқасымен, жергілікті атқару органдарының өкілдерімен кездесіп, сондай-ақ «100 нақты қадам" тұрғысынан сот-құқықтық реформасы туралы» тақырыбында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің базасында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. 

"Дөңгелек үстел" жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Қасымов Ақылтай,  Жамбыл облыстық сотының төрағасы Алшынбаев Рүстем, Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы Әлімбеков Мұсабек, Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаттары Әбдірайым Бақытжан, Бектұрғанов Әбдіманап, Козлов Евгений, Қаратаев Фахриддин, Ерман Мұхтар және Өтемісов Шавхат, Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті Аппаратының заңнама бөлімінің меңгерушісі Әділова Райхан, облыс әкімінің орынбасары Орынбеков Бекболат, сондай-ақ судьялар, прокуратура, әділет басқармасының, адвокаттар алқасының, Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері және медиаторлар қатысты.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру сұрақтарын талқылады, судьялыққа үміткерлерге талаптың күшеюі, судья лауазымына біліктілік емтихандарының күшеюі, соттарға меритократия қағидасының енуі, судьялардың кепілгерлік институты, бір жылдық төленетін тағылымдамадан өту, судьялыққа үміткерлерге полиграфиялық зерттеу, судьялардың кәсіби бағалауы. Әңгіме сондай-ақ сот-құқықтық реформасы талаптарында азаматтардың бостандықтары прокурор және адвокат рөлінде, «100 нақты қадам - Ұлт Жоспарында» тиімді жүзеге асуына оңтайлы жағдайлар жолы ұсынылғандығы жөнінде де болды.

"Дөңгелек үстелде" мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар сот жүйесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қабылдап, тиісті қарарға қол қойды.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі