Жамбыл облыстық сотында атқару құжаттарының орындалмай, негізсіз қайтарылу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотында «дөңгелек үстел» өткізіліп, оған қатысушылар атқару құжаттарының орындалмай, негізсіз қайтарылуын талқылады.

Іс-шараға Соттар әкімшісінің басшысы Әбдіжами Құлдүйсенов өңірдегі соттардың қызметкерлері, сонымен қатар, Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Жайықбай Шалдарұлы, Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы басшысының орынбасары Ерлан Әлмаханбетов, аға сот орындаушысы Жандар Есенбаев және жеке сот орындаушы Гүлбану Омарова қатысты.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізу құжаттарын қайтару себептерін, өз кезегінде, мұндай іс-әрекеттер сот актісінің орындалуын әуре-сарсаңға салып, осы уақыт аралығында борышкердің мүлігін меншіктен шығару мүмкіндігі туындайтынын атап өтті. Атқару құжаттары бойынша, негізінен, өндіруші тарап мемлекет болып табылатындықтан, мемлекеттің мүддесі жиі қозғалатындығына ерекше назар аударылды.

«Дөңгелек үстелдің» соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, талқыланған мәселе бойынша ұсыныстарын айтты. Қызықтырған сұрақтарға жауаптар беріліп, талқылауға қатысушылар атқару құжаттарының негізсіз қайтарылуын болдырмау үшін бірыңғай тәжірибе қалыптастыру қажет деген қорытындығы келді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі