Судьялар одағының төрағасы мен хатшысы ауысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Рахметулин, Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев, Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы А.Тоқсаба, сондай-ақ Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Н.Сынғалиева қатысты.

Отырыста судьялардың кезектен тыс VII съезін өткізуге дайындық барысы туралы ақпарат тыңдалды, бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.

Одақтың Жарғысына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Кеңес мүшелері қатарынан А.Смолин шығарылды. Кеңес құрамынан отставкадағы судья М.Баркинхоевты шығару туралы өтінішхат та қанағаттандырылды.

Кеңестің шығып қалған мүшелерінің орнына Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбеков пен Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Н.Сынғалиева енгізілді.

Алдағы съезге дайындық жұмысын күшейту, сот жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және судьялар қауымдастығының алдағы төрт жылдағы жұмысы бойынша Судьялар одағы төрағасының функциясы  М.Әлімбековке, Кеңес хатшысының қызметі – Жоғарғы Соттың судьясы, Кеңес мүшесі М.Балкенге жүктелді.

Отырыс шеңберінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Судьялар спартакиадасын өткізудің ұйымдастырушылық мәселелері қаралды. 

 

Источник: 
Судьялар одағының Орталық кеңесі