Шығыс Қазақстан облысының судьялары Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылауға арналған  дөңгелек үстел болып өтті.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар  Әдеп кодексі жобасының бірқатар баптарын қосу туралы ұсыныстарын білдірді, онда қарастырылған нормалар процессуалдық заңнамаларымен, Азаматтық кодекспен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және  отбасы туралы» кодекспен реттелген.

Қорытындылай келе, Судьялар әдебі бойынша комиссиясының төрағасы Н.Елемесов комиссия мүшелері Судьялардың әдеп кодексі жобасының принциптері мен судьялардың мінез-құлық ережелерін талқылау мақсатында облыстағы соттарға арнайы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігін атап өтті. Жобаны талқылау барысында айтылған әрбір судьяның пікірі ескеріле отырып, облыстық судьялар корпусының барлық  ұсыныстары Судьялар одағына жолданатын болады.

Жаңартылған Әдеп кодексі судьялардың  алдағы жетінші съезінде қабылданады деп жоспарлануда.

 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі