Шығыс Қазақстан облыстық сотында «жас судьяларды» қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 21 қарашасында өткізілген VII-ші судьялар съезінің хаттамалық тапсырмасы негізінде, ұжымдарда моральдық - психологиялық ахуалды зерделеу мақсатында, Шығыс Қазақстан  облыстық  сотының Төрағасы Д.Әміров судьяларды соның ішінде жас судьяларды қабылдады.  

Әңгіме барысында судьяларға,  әсіресе жас судьяларға Қазақстан Республикасы Конституциясы «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі» конституциялық заңы негіздерінде  қабылданған Судьялардың Әдеп Кодексі түсіндіріліп жеткізілді.  Кодекс халықаралық «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт»,  «Судьялардың бангалорлық мінез-құлық қағидаттары» және де басқа актілердің талаптарын ескерген. Кодекстің 13-баптың  2-бөлігінде көрсетілгендей «Судьялық әдебіне қатысты қандай да бір сұрақтар, аталған Кодекспен реттелмейтін жағдайда, судья жалпы қабылданған адамгершілік пен адалдық принциптеріне, оған қоса судьялардың мінез құлық қағидаттары мен сот төрелігіне қатысты халықаралық стандартқа жүгінеді».

Сонымен қатар, жас судьялардың назарын, жаңа қабылданған Әдеп Кодексі қамтитын 15 бабтың бәрі судьялардың мінез құлық қағидаттарын реттейтіндігін, олардың адамгершілік,  әдеп, адалдық және халықтың сенім деңгейін көтеру мәселелерін одан әрі нығайтуға,  сот билігі беделін көтеруге бағытталғанына  баса назар аударды.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әр бір судьяның сатистикалық мәліметтері аталып өтті.

Жұмыстарды жақсартуға және судьялардың іс әрекетіне қатысты шағымдарды азайту бойынша жұмыстарды күшейтуге  қатысты тапсырмалар берілді.

Соңында, облыстық сот төрағасы,  сот төрелігін арттыруға, еліміздің сот жүйесінің тиімділігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, сонымен қатар сот билігінің беделін арттыруға бағытталған Жоғарғы Сот басшысы қойған тапсырмаларын орындауға арналған барлық қажетті шаралар атқарылатындығын атап өтті. 

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі