Республика судьялары ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мереке күндері  қарсаңында республиканың барлық соттарында соғыс, тыл және сот жүйесі ардагерлерімен салтанатты кездесулер өткізілді.

Астанада Жоғарғы Соттың судьялары Елена Максюта, Ғалымжан Мырзаке мен Нұржан Жолдасбеков соғыс және еңбек ардагері, 1985 жылдан бері Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі болған Рамазан Есмағамбетовтің үйіне барып құттықтады. Судьялар оның соғыс кезіндегі ерлігі, республиканың сот жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.

Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, судьялар мен Астана қаласы бойынша Соттар әкімшілгінің қызметкерлері салтанатты жиналыста ардагерлер мен отставкадағы судьяларды құттықтап, оларға  зор денсаулық, құт-береке және бейбіт өмір тіледі. Жиналғандар соғыс жылдарында қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Т.Бәрпібаев Жоғарғы Соттың Төрағасы атынан соғыс ардагері Александр Торкин мен отставкадағы судья Тілеулес Махметовті «Сот жүйесінің ардагері» медалімен марапаттады.

Жамбыл облыстық соты сот алқаларының төрағалары Нұрмахаммат Абидов пен Жомарт Рүстембеков, Судьялар одағы филиалының төрайымы Гүлмира Егембердиева, облыстық соттың судьясы Гүлнәр Сыздықова соғыс ардагері Насреддин Хамзаев пен еңбек ардагері Мұхан Бужуковты құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыс етті.

Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызын құттықтап, бағалы сыйлық табыстады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай Петропавл қаласындағы «Мәңгілік алау» Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойып, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Олар үшін арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, дастарқан жайылды.

Ақмола облыстық сотында «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановты «Мәлік Ғабдуллин» медалімен, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзинді «5510 әскери бөліміне 20 жыл» төсбелгісімен марапаттады.

Атырау облыстық сотының сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева ҰОС мен сот жүйесінің ардагерлеріне орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, облыс судьяларының қауымдастығы атынан соғыс ардагерлері Айдын Айбаров пен Орынғали Қарасаевты құттықтады.

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов салтанатты жиналыста ардагер, тыл еңбеккері Зейнолла Тұлыбаевты құттықтады.

Әскери соттың судьялары мен қызметкерлері елордалық ардагерлерге дастарқан жайып, мерекелік концерт ұйымдастырды. Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев сот жүйесінің ардагерлері мен отставкадағы судьяларды құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.

Сот органдарының судьялары мен қызметкерлері естелік мемориалдарға гүл шоқтарын қойып, салтанатты жиналыстар өткізіп, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі