Павлодар облыстық соты медиатордың коммуникативтік дағдылары бойынша семинар-тренинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық соты судьялардың, Қазақстан медиаторларының ассоциациясының бас директоры, Халықаралық құқықтық қорғау орталығының басшысы Жанділдә Жақыповтың, медиаторлардың және «Қоғамдық келісім» РММ өкілдерінің қатысуымен «Медиация рәсімдері және дауларды шешудегі медиатордың құралдары» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында Ж.Жақыпов медиация ұғымы және оның негізгі қағидалары, технологиялары, ол арқылы дауларды шешудің жаңа әдістері, дауларды шешудегі медиаторлардың рөлі туралы айтты. Ол медиация халықтың экономикалық, құқықтық, психологиялық және мәдени деңгейінің дамуы жағдайында қолдануға бағытталғанын атап өтті.

Семинар қатысушылары медиация рәсімдерін өткізудің кезеңдері мен ережелерін, медиаторлардың коммуникативтік дағдыларын талқылады.

Семинарға қатысушылардың назары тек медиацияның теориялық аспектілеріне ғана аударылып қана қоймай, тарапдың мүдделері және қарсылықтарымен байланысты жұмыс жайлы, даулардың туындау аймағы және олардың түйісу нүктесін анықтау туралы айтылды. Жанжалға қатысушы тараптарды татуластыру және дауларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін медиаторлар практикасынан өмірлік мысалдар келтірілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.

Семинардың соңында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин Ж.Жақыповқа қызықты және пайдалы треннинг өткізгені үшін алғысын білдірді. «Медиация институты қазақ халқы үшін жаңа ұғым емес. Қазақ хандығының билері барлығы үшін пайдалы және қарапайым қызметпен, яғни татуластырушылықпен айналысқан және бұл адал және нәтижелі татуласу болған», - деді ол.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі