Өскемен қалалық соты сот төрелігін жүзеге асыруға тартылған доғарыстағы судья С.Құмароваға өздерінің алғыстарын білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының Өкімімен «Қазақстан Республикасынң сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабына сәйкес, доғарысқа шыққан судья С.Құмарова 2016 жылдың 9 наурызынан бастап, Өскемен қалалық сотының судьясының  бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына байланысты оның орынына судья қызметіне жұмысқа тартылды.

Осының арқасында, судьялардың  жүктемесі кеміп, өз кезегінде  іс бойынша азаматтардың құқықтарын адал және қысқа мерзімде шешуге ықпалын тигізді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін судья 34 істі медиацияның шешімен аяқталды.

Өскемен қалалық  сотының төрағасы Б.Тайтөлеуов салтанатты түрде құттықтай отырып, әріптесіне көпжылдық адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, Сәния Есымқанқызы судья лауазымында қызмет атқарған жылдары өзін кәсіби, әрі сауатты заңгер ретінде танытқанын атап өтті. Оның білімі, кез келген істің мән-жайына терең үңіле білуі, мамандығына деген сүйіспеншілігі сот төрелігін жоғары деңгейде іске асыруға ықпал етті. Сонымен қатар, Өскемен қалалық сотында жұмыс атқарған кезінде де ол  сот төрелігін жоғары деңгейде іске асыруға ықпалын тигізді.

Сәния Есімқанқызына жылы лебіздер мен тілектер айтылып, адал және мінсіз қызметі, кәсіпқойлығы, терең білімі мен тәжірибесі үшін ризашылық пен алғыс білдірілді. Сот ұжымы өз әріптесіне мықты денсаулық, алдағы істері мен игі бастамаларына табыс тіледі.

Өз кезегінде, Сәния Есымканқызы барша жиналғандарға бірлесе қызмет атқарғандары үшін алғыс білдіріп, әділдіктің ақ жолындағы алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Іс-шара соңында төраға сот ұжымы атынан Сәния Есімқанқызына  естелік сыйлықтар табыс етті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі