Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес судьялыққа үміткер 15 кандидатқа оң баға берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына кеңестің төрағасы Г.Ағаділова менхатшысы М.Әміров және кеңес мүшелері Қ.Досалиев, Х.Бациев, М.Сейтжанов қатысты.

Кеңестің отырысында судьялыққа үміткер кандидаттармен судьялардың жинақталған құжаттарымен танысып, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін білу үшін, әрбір қатысушымен жеке әңгімелесіп және ол бойыншатиісті қорытындылар берді.

Судья лауазымын атқарып жүрген, алайда, басқа судьялық бос орынға ауысуға ниет білдірген судьялар мен судьялыққа кандидаттар туралы жұртшылықтың көзқарасын анықтау мақсатында олар туралы мәліметтер облыстық соттың интернет-ресурсында жарияланған болатын.

Ардагер судья М.Әміров кеңестің жұмысы туралы айта келе судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерінің көбейтілуі және біліктілік талаптарының қатайтылуы туралы, сонымен қатар, облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрылғанын еске салды.

Сонымен қатар, ол аталған кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болатынын атап өтті.

М.Әміровтың сөзінше ОҚО сотының жанынан Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, мүшелері бекітілген және оның жұмыс істеуі үшін облыстық сотта Қазақстан Судьялар одағы облыстық филиалы мен кеңестің мүшелеріне арналған Орталық ашылған. Кеңес өз жұмысын ашық түрде жүргізіп, судьялыққа үміткерлер жөнінде объективті және дұрыс мәліметтерді алып, судья қызметіне кандидаттарды іріктеуде өздеріне жүктелген міндеттер мен құқықтарды жүзеге асырып келеді.

Кеңес отырысының нәтижесі бойынша 15 кандидат пен 15 судьяға оң баға берілді, 2 кандидатқа теріс баға берілді. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі