Партисипативтік рәсім жасау тәртібінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Теміртау қалалық соты бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы дауды қарай отырып, тараптардың адвокаттары жасасқан дауды партисипативтік тәртіпте реттеу туралы келісімді бекітті.

Талапкер пәтер түріндегі мүлікті ортақ меншік деп танып және ерлі – зайыптылардың әр қайсысының үлестерін тең деп анықтап, оны бөліп беруді сұрады.

Пәтердің ½ үлесі бойынша 2 297 000 тенге көлемінде өтемақы, 220 000 тенге өкілдік шығындарды, 22 970 тенге мемлекеттік бажды, 400 тенге комиссиялық алымды, нотариустың қызметі үшін 2 646 тенге және 8500 тенге бағалау бойынша кеткен шығынды өндіруді талап етті.

Сот отырысында тараптардан дауды партисипативтік тәртіпте реттеу туралы арыз түсті. Оның шарттары бойынша талап қоюшы жауапкерге қойған талабынан бас тартады,  ал екінші тарап, талап қоюшы пәтердің құқық белгілеуші құжаттарының түпнұсқасын ұсынған соң пәтердің ½ үлесін талап қоюшының атына рәсімдеуге міндеттенді.

Тараптар даулы пәтерді қайта рәсімдеген соң, кемінде 2 500 000 теңгеге сатуға міндеттеніп,  оны тең бөлікте бөліп алу туралы шешім қабылдады.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би аудандық соты азаматтар арасындағы берешек сомасын өндіру туралы дауды партисипативтік рәсім жасау арқылы шешті.

Істі қарау барысында тараптардың адвокаттары дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу жөнінде сотқа жүгінді. Сот тиісті келісімді бекітіп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. Келісімге сәйкес талап қоюшы өзінің соманы өндіру туралы талабынан бас тартады. Жауапкер талап қоюшыға 50 000 теңгені ағымдағы жылдың 30 шілдесіне дейін төлеуге міндеттенді.

Төленген 500 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының баспасөз қызметтері