Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді мемлекеттік мереке – Елорда күнімен құттықтаймын!

Отаншылдық рухты көтеретін бұл мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін қоғамдық-саяси маңызға ие. Астананың қалыптасу тарихы биыл 25 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты.

Қазақстанның жаңа елордасының бастамашысы – ел Президенті Н. Назарбаев Астананың образын қалыптастыруға терең мән беріп, оны тәуелсіз мемлекетіміздің табысты дамуы мен өсіп-өркендеуінің символы ретінде ұштастыра білді. 

1997 жылы Жоғарғы Соттың жаңа елордамызға алғаш көшкен мемлекеттік органдардың қатарында болғандығын айрықша атап өткен жөн. Отандық сот жүйесі Астанадағы мемлекеттіміздің барлық саяси институттарымен бірге қарқынды дамуда.

Әлемдік қауымдастықты толғандыратын өзекті саяси, экономикалық және мәдени мәселелер бойынша маңызды халықаралық кездесулердің: ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ кеңестерінің және т. б. Астанада өтуі ізгі дәстүрге айналды.

2017 жылы Астананың баламалы энергия көздері және «жасыл» технология саласындағы түрлі жетістіктердің орталығына айналып, елордада «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуінің символдық мәні бар.

Мұндай ауқымды жобалар Қазақстанның әлемдік деңгейде өзін заманауи қалыптасқан мемлекет ретінде танытуына және халықаралық қатынастардың дамуына өзіндік үлесін қосуына мол мүмкіндік береді.  

Баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін! 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі