Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу барысында Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Бердіғұлова Жанна Қайратқызы «Сот жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясы қағидаларын жүзеге асырады» тақырыбында «Ақмола ақпараты» бағдарламасында сөз сөйледі.

Жанна Қайратқызы өз сұхбатында, Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адамның құқықтары мен бостандықтары деп айқындағанын атап өтті. Сонымен қатар, 10 бапқа сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды», ал 12-бапта Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайтыны көрсетілген.

Конституцияның 13 және 14-баптарына сәйкес, әркімнің өз құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалуына құқығы бар және заң мен сот алдында барлығы теңдігі айтылған.

Қазақстан Республикасында сот төрелігі тек сотпен жүзеге асырылады. Соттарда істердің дұрыс және жылдам қаралуы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуының кепілі болып табылады.

Сонымен қатар, Жанна Қайратқызы сот тәртібімен қаралған істердің өсуі және өз құқықтары мен мүдделерінің сотпен қорғауға, сотқа жүгінген азаматтардың санының өсуі, қазақстандықтардың сотқа деген сенімінің артқандығы деп есептейді.

2014 жылы Ақмола облыстық соты 57 440 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар қараса, 2013 жылға қарағанда 2 019 іс пен материалға артқан.

Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - соттың маңызды міндеті. Конституцияның 27-бабында ата-ананың ең маңызды құқықтары мен міндеттері - ол балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу деп көрсетілген. Конституцияның бұл қағидаларын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы Ақмола облысының кәмелетке толмаған істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғайтын 1 150 іс қарады.

Сот жүйесі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қалыпқа келтіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы қағидаларын жүзеге асырады.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі