Архив событий

16/03/2015

Қарағанды қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім жарияланды

16/03/2015

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды. Аталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 2013 жылдың 26 қазанынан бастап  қымбат көліктердің иелерінен  қомақты қаражат пен аталған автокөліктерді өздеріне иелену мақсатында  шабуыл жасаған.

Ақмола облысының судьялары Елбасы ұсыныстарын қолдайды

16/03/2015

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрайымы Ж.Бердіғұлова мен Ақмола облыстық сотының судьясы Ғ.Сыздықова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Нұр Отан» партиясының ХVІ cъезінде сөйлеген сөзі жайында «Хабар» талеарнасындасөз сөйледі.

Әкеден оқуға ақы өндіріліп алынды

16/03/2015

Павлодар облысы Баянауыл аудандық соты кәмелет жасқа толған қыздың өз әкесінен кәсіби білім беру жүйесі бойынша оқуға қажетті қосымша шығынды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Сот медиация тәртібінде бірқатар түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде талапкер М. талап арызынан бас тартты.  Жауапкер Д. ағымдағы жылдың ақпан айынан оқу аяқталғанша өз еркімен ай сайын 10 000 теңге төлейтініне міндеттенді. Сөйтіп, екі тарап өзара бітімгершілікке келді. Азаматтық іс сот өндірісінен қысқартылды.