Архив событий

05/03/2015

Қазақстан Республикасының Үкімет Мәжілісі депутаттарының келуі

05/03/2015

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы У.А. Сулейменова және Қазақстан Республикасы Үкімет Мәжілісінің депутаттары Г.А. Баймаханова, С.Ф. Бычкова, А.С. Соловьева, М.А. Казбекова келді.

Қайрат Мәми 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді

05/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді.

Іс-шараға  Жоғарғы Сот судьялары, ҚР Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері, сондай-ақ отставкадағы судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Астана қаласының сотында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы өтті

05/03/2015

Бүгін Астана қаласының сотында Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі – АПК)  жаңа редакциядағы жобасын талқылауға арналған көшпелі отырысы өтті 

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Жоғарғы Сот ұйымдастырды.

Шығыс Қазақстан облысының аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін адам сотталды

05/03/2015

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық сотында азамат А.Гурова-ға қатысты,  аса ірі көлемде сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденіп немесе пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, қылмыстық іс қаралды.

Сот талапкердің пайдасына материалдық залал сомасын өндірді

05/03/2015

E.Балхаева жауапкер «Для всей семьи» ЖШС-не, стоматологиялық байланысты клиникада тіс дәрігері С.Захарович тістің емдеу салдарынан туындаған даумен  Алматы қаласының Медеу аудандық сотына талап арыз түсірген. Сол күні емделген тістің орны қатты ауыра бастаған. Жай-күйінің нашарлауына, бірнеше рет дәрігерге қаралғанын, содан кейін басқа да клиникаларға көмек сұрауға мәжбүр болған. Нәтижесінде, ауруды жеңілдету үшін оған тісін жұлдыруға тура келген.

Есірткі затын заңсыз дайындап, сақтаған адамдарға қатысты сот үкімі жарияланды

05/03/2015

Бүгін алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен өте ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, дайындап, сақтаған сотталушылар С.Микаров пен С.Алпыбаевқа қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімі жариялады. 

Оқиға болған жерден 2 полиэтилен қаптағы, жалпы салмағы 18 150 грамм болатын есірткі заты – кептірілген марихуана табылған.

Қостанайдың соты өлтіруге оқтанғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды

05/03/2015

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 1987 жылы туған Р.Сисембаевқа қатысты сот үкімін шығарды. Көшпелі сот отырысы Жітіқара қаласында өтті.

Тергеу материалдары бойынша, 2014 жылғы 28 тамызда Р.Сисембаев дүкендегі түскі үзіліс кезін пайдаланып жеке кәсіпкерге тиесілі ақша мен тауарды ұрлау мақсатымен темір ілгіш құрылғымен дүкен есігін бұзып үлгірген.