Архив событий

06/03/2015

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры Н.Жоламановқа қатысты сот үкімі жарияланды

06/03/2015

Бүгін Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында генерал-лейтенант Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа және подполковник Қайрат Көпжасарұлы Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жария етілді.

Тыл ардагері Жамал Шойбековамен кездесу өтті

06/03/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотында тыл ардагері, 1941-1950 жылдары сот саласында қызмет еткен Жамал Шойбековамен кездесу өтті. Аудандық соттың төрағасы Құнанбай Мұсаев ардагер судьяға, кейінгі уақытта сот жүйесіне енгізілген жаңалықтар туралы айтып берді.

Іс-шараға орнынан түскен судья М.Әміров, аудандағы сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Ардақты аналар, аяулы арулар!

06/03/2015

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Мемлекет басшысы гендерлік саясатқа әрдайым айрықша мән беріп келеді. Елбасы қоғамдық өмірде белсенділігімен танылып жүрген ханымдармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, олардың ел дамуына қосқан ерекше үлесін үнемі атап өтеді. Таяуда ғана оның бастамасымен Аналар күні және отбасы құндылықтарын, нәзік жандылардың қоғамдағы ерекше мәртебесін насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді.

«Заңгер» журналында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сұхбаты жарияланды

06/03/2015

Қазақстан Республикасының құқық жаршысы «Заңгер» журналында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Сот әділдігінің мінсіз жүйесі – құқық үстемдігін қамтамасыз етудің негізі» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.