Архив событий

18/03/2015

Қ.Мәми бастаған қазақстандық судьялар делегациясының БАӘ-ге ресми сапары басталды

18/03/2015

Ағымдағы жылғы 18-22 наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған қазақстандық судьялар делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары өтеді.

Делегация құрамына Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы М.Әкетай, Астана қаласының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі төрағасы Б.Естай және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Балкен енген.

Маңғыстау облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

18/03/2015

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында облыстық соттың жаңа төрағасы Жақсылық Рзабекұлы Алановты таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті.

Жаңа басшыны ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н.Әбдіқадыров таныстырды. Шараға Маңғыстау облысының сот корпусы, облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Алдашев, облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіпов, өңірдегі құқық қорғау және басқа да салалардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Астанада өліммен ұштасқан жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша үкім жарияланды

18/03/2015

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты Д.Кивеновке қатысты үкім шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды (көлік құралын жүргізушінің жол жүру ережелерін бұзу салдарынан, абайсызда кісі өліміне әкеліп соғу).

2013 жылғы 4 маусымда сотталушы Д.Кивенов Астана қаласында ҚР жол жүру ережелерін бұзу салдарынан жаяу жүргінші У.Байжұмановты қағып кеткен.  Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы жүргіншілер өткелінде орын алған.