Архив событий

03/03/2015

Оңтүстік Қазақстан облысында Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті

03/03/2015

Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповтің ұсынысымен облыстық прокуратурада Оңтүстік Қазақстан облысы Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтті. Іс-шараның мақсаты – заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету.

Мәжіліске облыстық соттың судьялары мен қызметкерлері, Үйлестіру Кеңесінің мүшелері және облыстық прокуратураның қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Мемлекеттік орган жіберген қателік салдарынан азамат уақытында демалуға бара алмай қалды

03/03/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық  сот алқасы шағымданушы  Л.В.Демидованың «Семей қаласының Әділет басқармасы» ММ-нен моральдық зиян мен материалдық шығын  өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2011 жылғы қарашада жалпыға бірдей науқан барысында СТН-нен ЖСН-ге өту кезінде шағымданушы, қозғалмайтын объектінің иесі,  1968 жылы туған  Л.В.Демидоваға басқа адамның туған күні мен ЖСН-ін қате жазған, сондай-ақ  1949 жылы туған Л.В.Демидова деп белгіленген.

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасарына қатысты сот үкімі жарияланды

03/03/2015

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары А.С.Тұматаевқа қатысты үкім жарияланды.

А.С.Тұматаев «Дан-Строй» АҚ-ның өкілінен бірнеше рет ақшалай пара алғандығы, яғни «Астана қаласындағы олимпиадалық дайындық орталығы» спорттық кешеннің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне заңсыз қол қойғаны үшін айыпталды.