Архив событий

31/03/2015

Жас балалары бар жесір әйел бұрынғы жұмыс орнына сот арқылы қайта орналасты

31/03/2015

Қостанай қалалық сотының шешімімен азаматша Н.Әлімова  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне әдіскер лауазымына қайта орналасты.

Оқу орнында білімді ұйымдастыруды оңтайландыруға орай штатты қысқарту мәселесі туындап, талапкер 2014 жылдың 4 қыркүйегіндегі бұйрықпен жұмыстан шығарылған.  Алайда, ол – 14-жасқа толмаған екі бірдей жас баланның асыраушысы болып табылатын жесір әйел. ҚР Еңбек Кодексінің 185-бабының 1-б. сәйкес, мұндай топтағы адамдармен еңбек келісім-шартын бұзуға жол берілмейді.

Алқабиге үміткерлердің тізімдерін жасаудың өзекті мәселелері

31/03/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Алқабиге кандидаттардың негізгі және қосалқы тізімдерін сапалы жасау мәселелері» тақырыбында прокуратура органдары, облыс, Петропавл қаласы әкімдерінің аппараты, психоневрологиялық диспансер, облыстық  наркология орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Азаматтық процестік кодексі жобасын талқылау бойынша ведомствоаралық «дөңгелек үстел» өтті

31/03/2015

Бүгін Павлодар облыстық сотында судьялардың, адвокатура, прокуратура, әділет басқармасы, мемлекеттік кіріс департаменті өкілдерінің және медиаторлардың қатысуымен жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексі жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» болып өтті. 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшысының бұрынғы орынбасары С.Әшімбаевқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

31/03/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының экономика және қаржы мәселелері бойынша бұрынғы орынбасары С.Әшімбаевқа қатысты Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды.