Архив событий

17/03/2015

Абай Рахметулин Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

17/03/2015

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Рахметулин Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы болып тағайындалды.

Рахметулин Абай Жамбылұлы 1965 жылы Ресей Федерациясының Омбы облысында дүниеге келген.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген соң еңбек жолын Көкшетау қалалық  заң кеңесінің адвокаты болып бастады.

Жауап алу кезінде зорлық көрсеткені үшін полицейлерге қатысты үкім жарияланды

17/03/2015

Бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 141-1 бабы 2 - бөлімі «а» тармағы бойынша (алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, тән азабы мен психикалық түрде қинау) айыпталған Б.М.Мамитов, Е.Е.Анешов, А.М.Сегізбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы қалалық соты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында меморандумге қол қойылды

17/03/2015

Бүгін Алматы қалалық соты мен заң саласының мамандарын даярлайтын іргелі жоғары оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саласындағы ірі жоғары оқу орнының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты Мемлекет басшының «Нұр Отан» партиясының ХVI-съезінде берген тапсырмалырын іске асыру үшін оқу процесін сот тәжірибиесінің материалдарымен толықтыру және сот төрелігін жүзеге асыру бағытында ғылыми ісзденістерді енгізу бойынша әлеуетті біріктіру.

Мемлекеттік бюджет қарызын өндіру туралы дау медиативтік келісіммен аяқталды

17/03/2015

Ақтөбе қалалық соты талапкер «Табыс-Ақтөбе» ЖШС-нің жауапкер О.Харитоновадан ақша өндіру туралы азаматтық істі қарады.

2012 жылдың жаз айында талапкер жауапкердің көпқабатты үйіне үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы күрделі жөндеу жасалған. Аталған объект уақытылы қабылдау актісімен тапсырылған, бірақ осы күнге дейін жауапкер О.Харитонова мемлекеттік бюджетке қаражат ақшаны қайтаруға арналған шартты  жасамаған. Осыған байланысты талапкер жауапкер О.Харитоновадан үйді жөндегені үшін бөлінген шығынды өндіруді сұраған.