Архив событий

20/03/2015

Наурыз ұлықталды. Немесе Наурыздың ашық боялауры.

20/03/2015

«Менің жерім – Мәңгілік ел мекені» байқауы Алматы қалалық сотының Наурыз мейрамын ұлықтаудағы маңызды іс-шараға айналды.

Қаланың аудандық және оған теңестірілген соттары тамырын тереңнен тартқан көктемнің көрікті меркесі мен қазақ хандығының 550 жылдығын және Мәңгілік ел идеясын ұштастыра отырып, еліміздің мәдени-этнографиялық тарихынан сыр шерткен іс-шараны өткізді.

Бүгін Сот төрелішгін жүзеге асыруды одан әрі жеңілдету мәселелері бойынша бейнедәріс өтті

20/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сот жергілікті соттардың судьяларымен бейнеконференцбайланыс арқылы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 254 Заңының нормаларын қолданудың кейбір мәселелері бойынша бейнедәріс өткізді.

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы Е.К.Қалаубаевқа қатысты іс бойынша үкім шығарды

20/03/2015

2015 жылдың 3 ақпанында Астана қаласы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі соты «Локомотив» АҚ-ның атқарушы директоры Е.К.Қалаубаевты  ҚР ҚК-нің 311-бабының 4-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеп, 7 жыл мерзімге мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығын айыру түріндегі жазаны жалпы тәртіптегі түзеу колониясында соттауға үкім етті. 

Алматы облыстық сотының судьялары сот жүйесінің ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады

20/03/2015

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы С.Сәкенов әріптестермен бірге соғыс ардагері К.Сүлейменовті және тыл қызметкерлері М.Әділбаев пен Е.Жанысовты Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Судьялар 30 жылдан астам сот жүйесінде жұмыс жасаған ардагерлерге барып, көктем мерекесімен құттықтап, оларға сыйлық сыйлап, денсаулық,            бақ-береке тіледі.

Ардагерлер өздеріне көрсетілген қошеметке ризашылықтарын білдіріп,  алғыстарын айтты.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотына жаңа төраға тағайындалды

20/03/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан  облыстық сотында облыстық соттың жаңа төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміровты ұжымға таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті.

Жаңа басшыны ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Рахметулин таныстырды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар, Шығыс Қазақстан облысының сот корпусы, өңірдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың  басшылары қатысты.

Мақала желісін теріске шығару

20/03/2015

Семей қаласындағы «Спектр» газетінің 2015  жылғы 4 наурыздағы № 9 (946) нөмірінде  журналист Н.Дроздецкаяның «Как судебная ошибка помогла должнице скрыться» тақырыбындағы мақаласы жарияланған. Автор мақалада Семей қалалық сотының судьясы Н.А. Кабышеваның, Г.Ж. Жүкебаевадан қарызын өндіріп алу туралы А.Б. Жұмабаеваның талап арызына қатысты азматтық істі қараудағы сот төрілегін жүзеге асыруын сынап, субъективті қөзқарасын білдірген. 

Жоғарғы Сотта Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті

20/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиын өтті.

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров Жоғарғы Сот Төрағасының атынан еліміздің судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Е.Әбдіқадыров өз сөзінде Наурыз мейрамы ежелден табиғаттың жаңару, жаңғыру символы болып табылатындығын атап өтті.

Қымбатты әріптестер!

20/03/2015

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – табиғаттың жаңарып, бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен мейірім салтанат құратын шуақты мереке.

Халқымыз ғасырлар бойы атап өтіп келе жатқан мейрам күні адамдар өзара өкпе-ренішін ұмытып, қуаныштарын бөлісіп, бір-біріне береке-бірлік, ырыс пен ырыздық тілейді.

Елімізде жаңадан соттар құрылды

20/03/2015

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 1024 Жарлығымен Алматы қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінде тиісінше Наурызбай және Қаратау аудандық соттары құрылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының аумағында Медеу ауданының № 2 аудандық соты құрылды. Жаңа сот қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған. Практиканы ескере отырып, соттарда мамандандыруды енгізу барынша сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға және сот істерін сапалы қарауға ықпал етеді.