Архив событий

04/03/2015

Жоғарғы Сот А.Мешімбаеваның ісі бойынша өтінішхатты қарады

04/03/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьялары жеті жылға сотталған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы А.Мешімбаеваның мүддесін қорғаушы адвокаттың Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотының үкімін және одан кейінгі қаулыларды қайта қарау туралы өтінішхатын алдын-ала тыңдауда қарастырды.

Жоғарғы Сотта Е.Әбдіқадыровтің ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының өкілдерімен кездесуі өтті

04/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыровтің ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының өкілдері (БДИПЧ) Ричард Лаппинмен және Радивой Груичпен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – сайлауға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлауға байланысты өтініштерін қарастырудағы Жоғарғы Соттың, жергілікті соттардың рөлі мен рәсімдерін талқылау.