Архив событий

13/03/2015

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

13/03/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында «Мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы бұзуға байланысты азаматтық істерді қарау жөніндегі сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға қаржы бақылау инспекциясының, облыс прокуратурасының, әкімдіктің, адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Қарқаралы ауданының бұрынғы әкімінің ұлына қатысты үкім шығарылды

13/03/2015

Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 24 б, 3 б - 96 бабы  2 б. «ж» тармағымен (кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған) және 187 б, 2 б, «а» тармағы бойнша (бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, өрт қою, жару арқылы немесе өзгеде жалпы қауіпті әдістермен жасалған) айыпталған Н.Батырбеков, К.Х.Ордашевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жария етілді.

Жоғарғы Сотта жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс жобасы талқыланды

13/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта «Жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі аясында азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және  қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 

 Іс-шараны Жоғарғы Сот пен Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ұйымдастырды. «Дөңгелек үстелді» ұйымдастыруға «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғам (GIZ) және «БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму Бағдарламасы» қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі тұжырымдамасының жобасы әзірленді

13/03/2015

Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Құжат Мемлекет басшысының сот жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша алға қойған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Жоғарғы Сот сот қызметін ақпараттық қолдауды жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда.

Дәрігер – психиатр дәрігерлік құпины жариялағаны үшін 80 000 теңге моральдық шығын өтеді

13/03/2015

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында азаматша  Н.-ның аудандық аурухананың дәрігер-психиатры азаматша Д-ға қатысты жеке шағымы қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, дәрігер кәсіби және қызметтік қажеттіліксіз оның ауруы  туралы ақпаратты жариялағаны анықталды.