Архив событий

12/03/2015

Сот жұмысшылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, оларға қарыз еңбекақыларын өндіріп берді

12/03/2015

Бүгін Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотында «Сейфуллин Жер» ЖШС-нен қарыз еңбек ақыларын өндіру жөніндегі 15 азаматтың  арызы қаралды.

ЖШС 2012-2013 жылдар  аралығында  қызметкерлерінің еңбек ақыларын төлемеген. Еңбек ақы бойынша қарыздар ЖШС-тің анықтамасымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 140-бабының 6-бөлігіне сәйкес, егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса, сот бұйрығы шығарылатындығы көзделген.

Жамбыл облысы Сарысу аудандық соты мүгедек жандары бар жас отбасына материалдық көмек берді

12/03/2015

Сарысу аудандық сотының ұжымы жыл сайынғы республикалық «20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы шеңберінде Қыдырбаевтар отбасына материалдық көмек көрсетті.

Үшінші топтағы мүгедек Әлия Қыдырбаева екінші топтағы мүгедек күйеуі Асылханмен жеткіншек үш баланы тәрбиелеп отыр. Оның біреуі анасы секілді үшінші топтағы мүгедек.

Аудандық соттың төрағасы Насырулла Аңдабеков жас отбасына зор денсаулық, құт-береке және отбасылық бақыт тілей келе, оларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлықтар, материалдық көмек берді.

Парламенті Мәжілісі жаңа редакциядағы АПК жобасын мақұлдады

12/03/2015

2015 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексінің жобасы және оған ілеспе заңның жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Алматы облыстық сотында оқыту семинары өтті

12/03/2015

Алматы облыстық сотының кеңсе басшысы М.Борашев құжаттарды сотқа электрондық түрде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы беру тәртібін түсіндіру мақсатында облыстық және аудандық ХҚКО-ның басшылары мен қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.

Қытай Халық Республикасының 16 азаматы Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзды

12/03/2015

Ақмола облысы Бурабай ауданының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының 16 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады. Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын толық мойындады.

Өскемен қаласының №2 соты білім беру мекемесінің директорына қатысты үкім шығарды

12/03/2015

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық №2 соты 37 209 696 (отыз жеті миллион екі жүз тоғыз мың алты жүз тоқсан алты) теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлаған «Шығыс Қазақстан аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы» ММ-нің директоры З.Жексеневке қатысты үкім шығарды. 

Сот зейнеткердің меншік құқығын растады

12/03/2015

73 жастағы зайнеткер Қостанай облысының Затабол кентіндегі «Мелиортор» бақша қауымдастығындағы аумағы 13,4 шаршы метр болатын үйге меншік құқығын заңдастыру үшін Қостанай аудандық сотына    жүгінген.

1980 жылы азаматша С. Затаболдың «Мелиоратор» бақша қауымдастығынан жер телімін алған. Сол жерде ол өз қаражатына шағын үй тұрғызған. Алайда ол кезде бақша үйлерін тіркеу талап етілмеген. Сол кезеңнен бері зейнеткер 30 жылдан астам уақыт жер мен үйді құжатсыз тиісінше пайдаланып келген.