Архив событий

02/03/2015

«Қазақстан Ғарыш Сапарының» бұрынғы басшысының бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жыл 6 ай мерзімге төмендетілді

02/03/2015

Астана қалалық сотының кассациялық сот алқасының қаулысымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның бұрыңғы басшысы Ғ.Мұрзақұловқа қатысты сот үкімі жаза мерзімін төмендету бөлігінде жетi жыл мерзiмге мемлекеттік қызметте белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп, 12 жылдан 10 жыл 6 ай мерзімге төмендетілді.

Жазаны төмендетуге Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің  55-бабында көзделген ең жоғарғы жазаның жоғары шегін шектеу туралы талабы негіз болды.

14 наурызда Қазақ гуманитарлық заң университетінің бітірушілері үшін тегін семинар өтеді

02/03/2015

2015 жылғы 14 наурызда Қазақ гуманитарлық заң университетінің Жоғарғы Құқық мектебі университеттің бітірушілері үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне жаңғыртулар мен толықтырулар енгізу мәселелеріне арналған тегін семинар өткізеді. Семинар жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары қатысады.

Семинарда заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ орын алған практикалық проблемалар да қарастырылады.

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

02/03/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Бұл күні Қайрат Мәмидің қабылдауында республика бойынша 9 адам болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Тараз қалалық сотында мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын мәселелер талқыланды

02/03/2015

Тараз қалалық сотында мұрагерлік құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау мәселелері талқыланды. Іс-шара Жамбыл облыстық соттары Оқу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық, қалалық соттың судьялары, сондай-ақ қалалық нотариалдық палата өкілдері қатысты.