Архив событий

26/03/2015

Алматы қалалық сотының судьялары балалар үйіне барды

26/03/2015

Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы  Бақытжан Қараманов пен судья Раушан Досмұханбетова Алматы қаласындағы №2 балалар үйінде болды.  

Алматы қалалық сотының судьялары атынан сөз сөйлеген Бақытжан Қараманов балалар үйінің тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтап, биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын  атап өтетінін де тілге тиек етті.