Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің Бүкіләлемдік Банктің жобасы басшысы Амит Мукерджимен кездесуі болып өтті.

Кездесуде Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасының ағымдағы орындалу барысы талқыланды.

Жобаның мақсаты мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін негізгі құқықтық механизмді жақсарту, сондай-ақ Қазақстандағы сот төрелігі қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Кездесу барысында Қ.Мәми қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Бүкіләлемдік Банк арасындағы өзара қарым-қатынас қарқынды дамып отырғандығын және жан-жақты ынтымақтастық негізінде өрбіп келе жатқандығын атап өтті.

«Бүкіләлемдік Банк жобалық қызметтерін жүзеге асырудағы еліміздің сенімді серіктесі болып табылады. Біздің бірлескен жобамыздың тезірек іске асырылуын және оның оң нәтижесін күтеміз», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы. 

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сот баспасөз қызметі