Атырау облыстық соты тараптар арасында медиативтік келісім жасай отырып, азаматтық істі өндірістен қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық соты талап қоюшы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының жауапкер Ә.Исатаевқа Өзен-Атырау-Самара магистральдық мұнай өткізу жолының қорғау аймағының 764 километрінің аумағында орналасқан құрылысты өз есебінен бұзу туралы азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Азаматтық істің қысқартылуына тараптардың алқа құрамындағы бір судьяның қатысуымен жасалған медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхаты негіз болды.

Медиациялық келісімнің мазмұнын, оның заң талаптарына сәйкестігін тексерген сот алқасы оны бекіту туралы шешімге келді. Тараптармен жасалған медиациялық келісім өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды, заңға қайшы келмейді. Тараптармен жасалған медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес жауапкер 15 күн мерзімде өз есебінен қорғау аймағының аумағында орналасқан құрылысты бұзуға міндеттенеді, ал талап қоюшы толық көлемінде талабынан бас тартады.

Тараптарға медиациялық келісім жасаудың салдары түсіндірілді.

Талап қоюшыға талап арыз бергенде төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі