Астаналық судьялар депутаттармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычковамен, Е.Козловпен және К.Мусинмен судьялардың кездесуі өтті.

Кездесу қатысушылары құқық қолдану мәселелерін талқылады.

Астана қаласы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы Д.Әбдуғалиев Ұлт Жоспарының бағыттарының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатынына ерекше көңіл аударды.

Сондай-ақ, баяндамашы Президент Н.Назарбаевтың судьялардың VII съезінде сөйлеген сөзіндегі Қазақстан тәуелсіздігінің жетістіктерінің бірі деп тиімді және заманауи сот құрылысын атап өткеніне еске сала кетті.

Мәжіліс депутаттары өз сөздерінде заң шығару және қабылдаудың кейбір күрделі мәселелеріне тоқталып, судьяларды ұсыныстарды енгізу арқылы осы үргіске белсенді қатысуға шақырды.

«Медиация туралы» Заңын сот тәжірибесінде қолданудың кейбір мәселері, медиация тәртібі қылмыстық заңнамаға кеңінен енгізу мүмкіндігі талқыланды.

Шара соңында судьялар депутаттардың атқарып жатқан қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп заң шығару қызметтеріне табыстар тіледі.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі