Алматы қалалық сотында судьялар Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғановамен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қалалық сот ұжымына арнайы келген мейманды таныстыра келе, билер сотының мүмкіншілігін дамыту және оны кеңінен насихаттау, заң үстемдігі реформасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі Анар Жайылғанова судьялар мен сот қызметкерлеріне VI шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясы жұмысының қорытындысы туралы баяндады. Ол, кезекті отырыстың жұмысы Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру бойынша  заңнамалық шешімдерді әзірлеу мен қабылдауға бағытталғанын атап өтті. Бұл жұмыстар «Қазақстан-2050» Стратегиясы, 100 нақты қадам – Ұлт Жоспары мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықтары негізінде іске асырылған.

Сонымен қатар, қос палатаның қарауында 111 заң жобасы болып, соның 66-сына Мемлекет басшысы қол қойып, заңды күшіне енген.

«Парламенттік тыңдаулар қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық атқарушылық заңнамаларды одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырус екілді өте өзекті  мәселелерге арналды»,  - деді депутат.

Сөз соңында Анар Жайылғанова қалалық сот төрағасына сот ұжымымен кездесу ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, судьялар мен сот қызметкерлерін  келе жатқан Астана күнімен құттықтады.

 

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі