депутаттармен кездесу

Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Козлов жұмыс сапарымен Қостанай облыстық сотында болды

05/07/2017

Парламенті Мәжілісінің депутаты Евгений Козлов Қостанай облыстық сотында судьялармен және сот мамандарымен кездесті.  

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Евгений Козлов жұмыс сапарына сай облыстағы стратегиялық нысандарға барумен қатар, сотқа да келді.

Парламент Сенатының депутаттары Атырау облыстық сотында болды

05/07/2017

Парламент Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дуйсембаев Атырау облыстық сотының судьяларымен кездесті.

Іс-шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, судьялардың заң шығарушы орган өкілдерімен бірлесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауының  маңыздылығын атап өтті. Облыстық сот ұжымы Г.Дүйсембаевты жаңа жауапты лауазым – Сенат депутаты болуымен құттықтады.

Алматы қалалық сотында судьялар Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Жайылғановамен кездесті

03/07/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қалалық сот ұжымына арнайы келген мейманды таныстыра келе, билер сотының мүмкіншілігін дамыту және оны кеңінен насихаттау, заң үстемдігі реформасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс депутаты С.Бычкова: «Егер судья сапалы жұмыс істесе, істің қаралу мерзімі мен тәртібін сақтаса, оның әрекетіне шағым түспесе, оған тағылар мін жоқ»

10/02/2017

Қостанай облыстық сотында судьялар Парламент Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычковамен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауы талқыланды.  

Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Батыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

07/02/2017

Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Орал қалалық №2 сотында болды. Мәжіліс депутаты өңірдің судьялар корпусына өзін таныстырып, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановтың қатысуымен Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізіп, Президент, Үкімет және Парламент арасындағы билік өкілеттіліктерін қайта бөлудің мақсаттары туралы айтты.

Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық сотында болды

03/02/2017

Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылаудан басталды.

Жолдауды талқылау барысында Президент Жолдауында елімізде сот жүйесіне деген халық сенімінің деңгейін арттырып, сот қызметіне заңсыз ықпал ету әрекеттерін болдырау керектігі жазылғаны айтылды.

Қызылорда облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаевамен кездесу өтті

13/01/2017

Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков кездесуде Ұлт Жоспарының сот жүйесін реформалауға қатысты қадамдарының іске асқанын атап көрсетті.

Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаты  Балайым Кесебаева Қылмыстық және Қылмыстық процестік, Азаматтық, Азаматтық процестік кодекстерінің нормаларын қолдану мәселелері туралы тарата айта келе, заңнамаларды жетілдіру мақсатында жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Батыс Қазақстан облыстық сотында болды

13/01/2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ұлттық демократиялық париясының мүшесі Аманжан Жамалов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы сотында болды.

Облыстық сотта мәжіліс депутатының келуіне орай облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары және судьялар, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының қатысуымен кеңес өтті.

Астаналық судьялар депутаттармен кездесті

12/01/2017

Астана қалалық сотында Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычковамен, Е.Козловпен және К.Мусинмен судьялардың кездесуі өтті.

Кездесу қатысушылары құқық қолдану мәселелерін талқылады.

Астана қаласы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы Д.Әбдуғалиев Ұлт Жоспарының бағыттарының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатынына ерекше көңіл аударды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотындПарламент депутаты А.Жайылғановамен Мәжілістің заң шығару қызметі талқыланды

11/01/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Мәжіліс Парламентінің депутаты А.Жайылғанова облыстың  судьялық корпусымен кездесу өткізді.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі  А.Жайылғанова өзінің заң шығарушылық қызметі туралы қысқаша айтып берді. Сондай-ақ ол, коллекторлық қызмет туралы заңның әзірленіп жатқандығына тоқталды. Заңның жобасы оған ұсыныстар енгізу үшін Мәжіліс сайтында жарияланғандығын да айтты.

Беттер