Парламент Сенатының депутаттары Атырау облыстық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Парламент Сенатының депутаттары Сәрсенбай Еңсегенов пен Ғұмар Дуйсембаев Атырау облыстық сотының судьяларымен кездесті.

Іс-шараны ашқан облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, судьялардың заң шығарушы орган өкілдерімен бірлесіп, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауының  маңыздылығын атап өтті. Облыстық сот ұжымы Г.Дүйсембаевты жаңа жауапты лауазым – Сенат депутаты болуымен құттықтады.

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, сот ісін жүргізу саласына ақпараттық технологияларды енгізу барысы туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, ол меймандарды сот жүйесінің «ТӨРЕЛІК» ақпараттық-талдау жүйесінің, «Сот кабинеті» сервисі сот актілерінің электрондық мұрағаты, ішкі портал, электронды кадрлық жүйе, соттың интернет ресурсы және Call – орталық жұмысымен таныстырып, сот отырысы залдарының аудио-, бейне-жазба жүйесімен, бейнебайланыс құрылғыларымен қамтылғанын айтып өтті.

Сенаторлар Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығару жұмысы туралы ақпарат беріп, сот жүйесінің алдында тұрған тапсырмаларға тоқталды.

Кездесу соңында Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов депутаттарға жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, заң шығару қызметтеріне табыс тіледі.

Қонақтарға Ұлт Жоспарының сот жүйесіне қатысты бөлігінің қалай жүзеге асырылғаны туралы бейнеролик көрсетіліп, облыстық соттың мұражайы таныстырылды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі