Қызылорда облыстық сотында Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаевамен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков кездесуде Ұлт Жоспарының сот жүйесін реформалауға қатысты қадамдарының іске асқанын атап көрсетті.

Кездесу барысында Парламент Мәжілісінің депутаты  Балайым Кесебаева Қылмыстық және Қылмыстық процестік, Азаматтық, Азаматтық процестік кодекстерінің нормаларын қолдану мәселелері туралы тарата айта келе, заңнамаларды жетілдіру мақсатында жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков заңға судья көмекшісін енгізу, облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов бітімгершілік заңын одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныс айтты.

Кездесу соңында заң шығарушы орган өкілі мен судьялар арасында заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер және толықтырулар туралы, сонымен қатар, жұмыс барысында заңдарды қолдануда туындайтын қиындықтар туралы пікірлер алмасып, өзара ұсынымдар жасады.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі