Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облыстық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылаудан басталды.

Жолдауды талқылау барысында Президент Жолдауында елімізде сот жүйесіне деген халық сенімінің деңгейін арттырып, сот қызметіне заңсыз ықпал ету әрекеттерін болдырау керектігі жазылғаны айтылды.

Осы тұста, Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев сот органдарының жұмысы жайлы халықты хабардар етуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде сот жүйесі ашық әрі шынайы. Тұрғындардың сот төрелігіне етене жақын болуына бағытталып сот жұмысында жаңа технологиялар енгіліді. Қоғаммен, БАҚ-пен өзара іс-қимыл үйлестіріліп, үкіметтік емес ұйымдармен іскерлік байланыс орнатылған. Қоғамдық талқылауға түскен әр қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс барынша ашық қаралады. Бүгінде әр судьяның қызметі айқын. Алдағы уақытта бұл үрдіс өз жалғасын табады.

 

Источник: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі