Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов Батыс Қазақстан облыстық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ұлттық демократиялық париясының мүшесі Аманжан Жамалов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы сотында болды.

Облыстық сотта мәжіліс депутатының келуіне орай облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары және судьялар, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағаларының қатысуымен кеңес өтті.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов жиналғандарға мәртебелі мейманды таныстыра келіп, 19 қадамы сот жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыруға бағытталған Ұлт Жоспарының аясында елде жүргізіліп жатқан сот реформасына тоқталды. Ол өз сөзінде білікті судьялар корпусын қалыптастыру тәртібі және судьялыққа үміткерлерді іріктеу механизмі, сонымен бірге, сот төрелігін сапалы атқару, судьялардың кәсіби біліктіліктерін көтеру және соттардың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты одан әрі жақсартуға арналған негізгі міндеттер туралы айтты.

Кездесу барысында депутат судьялармен әңгімелесіп, дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен және ақпараттық технология жүйелерімен жабдықталған сот мәжілісі залдарындарын аралап, облыс соттарының қызметімен танысты.

Кездесу соңында А.Жамалов судьялар корпусының қызметіне табыс тіледі.

 

Сол күні облыстық сотта Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс кеңестің төрайымы, отставкадағы судья В.Логвинова, хатшы А.Туркина және Кеңестің мүшелері, жергілікті жұртшылықтың өкілдері Т.Мерғалиев, В.Жүнісов, Д.Саратов және Р.Сыйықованың қатысуымен өтті.

Іріктеу процедурасына судья лауазымына 15 үміткер қатысты, Кеңес мүшелері әрқайсысымен жеке әңгімелесіп, судьялыққа үміткерді сипаттайтын және олардың моралдық-адамгершілік бейнелерін анықтайтын материалдарды зерделеді.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша 13 үміткердің моральдық-адамгершілік қасиетіне оң баға, ал 2 үміткерге теріс баға берілді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі