Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Е.Ж.Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

2014 жылғы 29 тамызда  Қазақстан Республикасы Президентінің №899 Жарлығымен:

Айгүл Әбдіғазымқызы Абдуллина, Светлана Ержанқызы Мұқашева, Манарбек Әділгерейұлы Мыңбаев – Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына;

Мария Қуанышқызы Шәріпова – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының лауазымына;

Дәурен Болатұлы Хамиев – Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына;

Перизат Досжанқызы Атыбаева – Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сот төрағасы Ерлан Айтжанов жаңадан тағайындалған судьяларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуға шақырды.

 

                 Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Теги: жаңадан тағайындалған судьялар, Ақтөбе