Ақмола облыстық сотында ҚР судьялары VII съезінің қорытындысы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов ҚР судьяларының VII съезінің  жұмыс қорытындысы бойынша облыс судьяларымен кеңес өткізді. Кеңеске облыс судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, жас судьялар, тәлімгер-кандидаттар мен сот қызметкерлері қатысты.

Кеңесте облыстық сот төрағасы Елбасының республика судьяларының VII съезінде берілген тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты белсендету және судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануы туралы баяндама оқыды.

Облыстық сот төрағасы өз баяндамасында облыс судьяларын ҚР Президентінің республика судьяларының VII съезінде берілген тапсырмаларымен, съезд міндеттерімен және жаңа қабылданған судьялардың Әдеп кодексінің талаптарымен таныстырды.

Н.Әбдіқанов өз сөзінде судьялар корпусына сот төрелігін атқарудың қағидаттары қатаң сақталуы қажет екенін ескертіп, қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында соттарда электронды технологияларды пайдаланудың маңыздылығы туралы және жетілдіру мен жаңғырту сот жүйесінің басты мақсаты екенін атап өтті.

Кеңесте судьялар корпусы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзиннің «Судьялардың жаңа Әдеп кодексі – судьялардың адамгершілік-әдеп сапалары мен кәсіби талаптары, жоғары талаптарды қамтамасыз етуге кепіл болады», ардагер-судьялар Кеңесінің төрағасы, отставкадағы судья М.Ғибәділовтің «2009 жылғы судьялардың Әдеп кодексі мен 2016 жылғы судьялардың Әдеп кодексінің арасындағы сабақтастық» және облыстық соттың судьясы А.Есенееваның «Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің кейбір нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы баяндамаларын тындады.

Кеңес қорытындысы бойынша сот төрағасы аталған баяндамаларды қабылданған судьялар Әдебі кодексіне алғашқы түсіндірмелер ретінде жергілікті соттардың әрбір судьясына танысу үшін жолдауды тапсырды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі