Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялардың VII-съезі қорытындысы талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Нұр Отан» партиясының фракция депутаттарымен, облыстық және қалалық маслихаттардың депутаттарымен, бастапқы партиялық ұйымдардың төрағаларымен, партияның саяси кеңесінің мүшелерімен, Қазақстанның жас депутаттар Ассоциациясымен, жастар маслихатымен, «Жас Отан» жастар қанатымен кездесуі өтті, онда судьялардың VII-съезі қорытындысы жасалды және ақпараттық сервистердің тұсаукесері бойынша таныстыру баспасөз туры өтті.

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов іс-шараны аша отырып 2016 жылғы 21 қарашада Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен республика судьяларының кезектен тыс VII-съезі өткендігін атап өтті.

Президент судьялар алдында 5 негізгі міндетті қойды. Бірінші – заң үстемдігін қамтамасыз ету, аталған міндетті шешуде сот басты рөл атқарады. Екінші – судьялардың есеп беруін күшейту, бұл олардың Тәуелсіздігіне қол сұғу болып табылмайды. Үшінші – беделді судья корпусын қалыптастыру. Төртінші – сот істерін қарау практикасының тұтастығын қамтамасыз ету. Және бесінші – құқықтық білім беру мәселесі.

Облыстық соттың төрағасы қазіргі күні судья корпусы Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII-съезінде Елбасы қойған міндеттерді іске асыруға кірісті, бұл сөзсіз сот жүйесін жетілдіруге жаңа серпін береді.

Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық соттың судьясы Айдар Смағұлов VII-съезде Судья әдебі кодексінің қабылдануы және оның негізгі принциптері туралы айтып берді.

«Нұр Отан» партиясының фракция депутаттарының жетекшісі, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің мүшесі  Владимир Витченко судьяларға жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді, олардың жоғары біліктілігін атап өтті, әрі қарай ортақ қызмет етуіне сенімін білдірді.

Кездесу ұжымдық суретке түсумен аяқталды. 

 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі