Жоғарғы Сотта Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испановтың төрағалығымен Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті.

І.С. Испанов сот жүйесінде қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтай келе: «Биылғы жылы Елбасы жариялаған 5 институционалдық реформаның алғашқы бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» деп аталады. Осыған орай мемлекеттік қызметті дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби аппаратын қалыптастыруға зор мән беріліп отыр. Өйткені, халықтың мемлекеттік билікке деген сенімі билік өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеті мен біліктілігіне тікелей байланысты», - деді. 

Жиын соңында І.С. Испанов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік қызметті дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталған сот жүйесінің бірқатар қызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісін салтанатты түрде тапсырды.

 

Қайнар: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі