Жамбыл облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 17 тамызындағы Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру рәсімі өтті.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев жаңадан тағайындалған келесі судьяларды: Мойынқұм аудандық сотына Дәлібаев Бағлан Көшкінбекұлы, Тараз қаласының №2 сотына - Ділдабаев Алмас Елмаханұлы, Қорабаева Алтыншаш Шегебайқызы, Талас аудандық сотына - Байтасова Маржан Кәленқызы таныстырылды.
Ант қабылдау рәсімінен кейін облыстық соттың төрағасы және судьялары оларға жұмыста сәттілік, өз міндеттерін атқаруда әділдік пен адалдық тілеп, қара қылды қақ жарған әділ әрі бейтарап болуға шақырды.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі