Үкім әскери бөлім құрамының алдында жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Ибраимовтың төрағалық етуімен заңсыз есірткі заттарының айналымы саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша іс қаралып, онда екі әскери қызметшіге айыппұл түрінде жазаға үкім шығарылды.

Сотпен анықталғаны, сержант И. Астана қаласының «Қамқор» базарында сотқа дейінгі өндіріс кезіндегі анықталмаған азаматтан, өз жеке басына қолдану үшін заңсыз қағазға оралған есірткі заттарын 500 теңгеге алған және өзінде сақтап жүрген.

2016 жылдың 4 шілдесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған, «Саид» лақап атты азаматтын есірткі алатыны туралы тапсырысы бойынша сержант И. «Қамқор» базарына келіп, сотқа дейінгі іс жүргізу барысына анықталмаған азаматтан, сержант А. 6000 теңге көлемінде полимерлі орамдағы есірткі зат – жалпы мөлшері 11,6667 грамм гашиш сатып алған.

Одан сон, кіші сержант Ж. сержант И.-дан көрсетілген есірткі заттарын алып, қылмыстық әрекетті имитациялаған «Саид» атты азаматқа беріп, одан 7000 теңге алған. Яғни, сержант И. мен сержант Б. ҚР «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Заңының талаптарына қарсы, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз үлкен мөлшерде қасақана, заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған.

Сот мәжілісінде жауапкерлер сержант И. және кіші сержант Ж. есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз үлкен мөлшерде қасақана, заңсыз иемденгенін, сақтағанын және тасымалдағанын мойыңдап, шын жүректен өкінетіндерін жеткізген.

Сот үкімімен, жауапкерлер сержант И. және кіші сержант Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсына 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 530 250 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің 68665 әскери бөлімінде көшпелі сот отырысында профилактикалық тәрбие және құқықтық насихаттау мақсатында әскери қызметшілердің алдында жарияланды.

 

Источник: 
Пресс служба Верховного Суда