Соттардың баспасөз қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Астана қаласындағы «Қазжол» қонақ үйінде «Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы және баспасөз хатшыларының рөлі» тақырыбына арналған екі күндік семинар өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараны Жоғарғы Сот ЕҚЫҰ-ның Астанадаға Бағдарламалар Офисімен және «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымов, ЕҚЫҰ-ның Астанадаға Бағдарламалар Офисінің басшысы Наталья Зарудная, «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының өкілдері, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары қатысты. 

Семинар шеңберінде Ресейден келген сарапшы Сергей Чижков, медиа-маман Ольга Грозная мен журналист Ержай Сүлейменов тренингтер өткізді. Сонымен қатар, Сот репортерлары гильдиясының төрайымы Жанна Байтелова сөз сөйледі.

Іс-шараны аша келе А.Қасымов: «Бүгінгі таңда ақпараттық ашықтық Жоғарғы Сот қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл жөнінде Президент Судьялардың VI съезінде айтқан болатын. Жұмыстың бұл бағыты Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарын іске асыру тұрғысында өзектілене түсті», - деп атап өтті.

         Өз сөзінде Наталья Зарудная: «Сот залынан берілетін ақпаратқа қолжетімділікті тек заң ғана шектей алады. Осы ретте соттардың баспасөз қызметіне жүктелетін міндеттердің бірі журналистердің, солар арқылы қоғамның және процеске қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету. Ашықтық азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына, бостандығы мен заңды мүдделеріне қайшы келмес үшін баспасөз қызметі бұл міндетті мұқият іске асыру қажет», - деді. 

Семинар барысында сарапшылар соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығының шетелдік тәжірибесі, соттардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, сот процестерін жариялаудағы журналистердің құқықтары және сот ақпаратын алу және т.б. мәселелер туралы сөз қозғады.

Семинардың екінші бөлігі 19 маусымда жалғасатын болады. Онда БАҚ-пен өзара іс-қимылға негізделген тәжірибелік сабақтар өткізіледі.

Екі күндік семинардың қорытындысы бойынша сот жүйесінің мас-медиамен ынтымақтастығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленетін болады.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі