ЕҚЫҰ

ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның Жоғарғы Сотында болып қайтты

24/05/2019

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева ЕҚЫҰ Миссиясы Басшысының сайлауды бақылау жөніндегі орынбасары  Горан Петровпен кездесті.

Кездесуге жоғары сот органының судьялары Мадияр Балкен және Жанна Ермағамбетова да қатысты.

Кездесу аясында сайлау науқаны кезіндегі соттардың атқаратын рөлі, сайлау процесіне қатысты арыздар мен шағымдарды қарау мерзімдері мен процесі, сондай-ақ дауыс беру күніндегі соттардың жұмыс тәртібінің мәселесі қаралды.

Ж.Асанов ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының делегациясын қабылдады

21/11/2018

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті. 

Кездесуге сонымен қатар Орталық Азия бойынша ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының арнайы өкілі Роман Хайдер, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы, Елші Дьердь Сабо, Австрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Герхард Сайллер, ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясы  Бас хатшысының орынбасары Семен Дзахаев қатысты.

Ж.Асанов ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесті

10/10/2018

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы  Томас Гремингермен кездесті.

Іс-шараға ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо және  ЕҚЫҰ хатшылығы Қақтығыстардың алдын алу орталығының аға саяси кеңесшісі Хелтге Кристин қатысты.

Астанада журналистер мен блогерлер интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік мәселесін талқылады

19/04/2016

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Астанада «Интернетте сөз бостандығы мен лексикаға төзбеушілік» тақырыбында екі күндік тренинг өз жұмысын бастады.

ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі мен «Құқықтық медиа орталығы» ҚБ-ның бастамасымен ұйымдастырылған тренинг журналистерге, блогерлерге, мемлекеттік органдар баспасөз қызметінің мамандарына, сондай-ақ интернеттегі әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға бағытталған.

Астанада сот репортерлеріне арналған семинар-тренинг өтуде

25/03/2016

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі, Фридрих Эберт атындағы Қордың өкілдігі және «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сот-құқықтық тақырыбына маманданған журналистерге арналған «Сот репортерлерінің мектебі» атты семинар-тренинг өз жұмысын бастады.  

Соттардың баспасөз қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өтті

18/06/2015

Бүгін Астана қаласындағы «Қазжол» қонақ үйінде «Сот жүйесінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы және баспасөз хатшыларының рөлі» тақырыбына арналған екі күндік семинар өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараны Жоғарғы Сот ЕҚЫҰ-ның Астанадаға Бағдарламалар Офисімен және «Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тәуелсіз бақылаушылар Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында болды

20/04/2015

Бүгін ЕҚЫҰ-ның бақылау жөніндегі миссиясының ұзақ мерзімді бақылаушылары Томас Хольцер мен Мэттэ Сэльхау Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында және Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында болды.

Жоғарғы Сотта Е.Әбдіқадыровтің ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының өкілдерімен кездесуі өтті

04/03/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Әбдіқадыровтің ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының өкілдері (БДИПЧ) Ричард Лаппинмен және Радивой Груичпен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – сайлауға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлауға байланысты өтініштерін қарастырудағы Жоғарғы Соттың, жергілікті соттардың рөлі мен рәсімдерін талқылау.

Беттер