Жоғарғы Сотқа ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілдері келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт мырзамен кездесті.

Ол кездесу барысында Фробарт мырзаны тағайындалуымен құттықтап, Қазақстандағы қызметінің сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді. Жүздесу барысында Жоғарғы Соттың ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен көпжылдық достық сипаттағы қарым-қатынасының жоғары қарқыны, сот жүйесін дамыту жөніндегі бірқатар жобалардың табысты іске асырылғаны, сондай-ақ «Қазақстанда сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру» жобасы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы ортақ жоспар туралы сөз болды.
Ж.Асанов Жоғарғы Соттың сот жүйесін жаңғырту және Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы айтып берді. Мейманға «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы шеңберіндегі үш жылдық жұмыстың қысқаша шолуы мен алдағы стратегиялық бағдарлар таныстырылды. Сонымен қатар, судьяларды кәсіби бағалаудың жаңа әдістемесі, сот төрелігінің сапасын жақсарту, даулар мен онлайн-процестерді шешудің баламалы тәсілдері туралы айтылды. Осы орайда Жоғарғы Сот іске асырып жатқан жобалар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ж. Асанов енгізіліп жатқан жаңашылдықтыар туралы айта келе, медиация институтын дамыту, судьялардың процестік белсенділігі, әкімшілік әділет негізінде азаматтық сот төрелігін жетілдіру, бірыңғай сот практикасы негізінде құқықтық айқындылықты арттырудың қажеттілігі туралы ойларымен бөлісті. «Осы жұмыстың басты мақсаты – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру әрі заңның үстемдігін қамтамасыз ету», - деп атап өтті ол.

Кездесуге қатысушылар жүйені қысқа мерзімде өзгертудің мүмкін еместігін, сонымен бірге сот ісін жүргізуді жақсарта түсу үшін серпінді қадам жасалып отырғанын атап өтті.

Мейман Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығының жұмысымен, оның талдамалық әлеуетімен және жергілікті соттар кеңселерінің қызметіне мониторинг жүргізу мүмкіндіктерімен танысты. Сот практикасының біркелкілігін арттыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдаланудың нәтижесі туралы айтылып, ауқымды деректерді талдау бойынша жаңа IT-әзірлемелер таныстырылды.

Фробарт мырза Жоғарғы Соттың Коммуникациялар орталығында да болды. Онда оған ақпараттық кеңістікке тұрақты мониторинг жүргізу, БАҚ-пен және жұртшылықпен уақтылы «кері байланысты» қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы түсіндірілді.

Кездесу соңында тараптар құқық үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытты.

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Тегтер: