Ж.Асанов ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының делегациясын қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының Төрағасы Георгий Церетелимен кездесті. 

Кездесуге сонымен қатар Орталық Азия бойынша ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының арнайы өкілі Роман Хайдер, Қазақстандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы, Елші Дьердь Сабо, Австрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Герхард Сайллер, ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясы  Бас хатшысының орынбасары Семен Дзахаев қатысты.

Кездесудің басында мәртебелі мейман Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан республиканың сот жүйесіндегі жаңғыртуларға өзінің қызығушылығын білдірді. «Қысқа мерзім ішінде жүйені өзгерту оңайға түспейтінін біз анық түсінеміз. Сіздер қолданып жүрген дауларды реттеудің жолдары туралы көп естідік. Сіздердің бұл тәжірибелеріңізді елдер арасындағы дауларды шешу кезінде қолданып көргіміз келеді», - деді Г. Церетели.

Жоғарғы Сот Төрағасы Республика Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Соттың халықтың соттарға деген сенімін жоғарылатуға, сот жүктемесін төмендетуге, азаматтық процесті оңайлатуға, сот ісін жүргізудің жеделдігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған жұмысы туралы айтып берді.

Қонақтарға «Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында сот жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары таныстырылды.

Ол реформалар туралы айта келіп, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар заң жобалары әзірленгендігін айтты. Олар Парламенттің қарауында жатыр. Кадр мәселесіне қатысты бірқатар өкілеттілік Жоғарғы Соттан Жоғарғы Сот Кеңесінің қарамағына беріледі. Сонымен қатар жергілікті соттардың өзін-өзі басқару институтын күшейту және сот корпусының еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау жоспарлануда.   

Жоғарғы Соттың Төрағасы медиативтік рәсімдерді енгізу жолымен қоғамдағы жанжалдарды азайту үшін кешенді шараларды  жүзеге асыруға ерекше назар аударды. Ол үшін аймақтарда Соттан тыс татуластыру орталықтары ашылуда.  

Сонымен қатар қылмыстық сот төрелігін ізгілендірудің нәтижелері атап көрсетілді.  Түрмеде отырған адамдардың саны едәуір азайғаны байкалуда (төрт жыл ішінде 52 мыңнан 30 мыңға дейін кеміді).

Қонақтарға инвестициялық соттың қызметі туралы және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы да айтылды. Осы орайда Жақып Асанов мұның бәрі халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыруға бағытталып отырғанын ерекше атап көрсетті.

Өз кезегінде Г. Церетели қазақстанның сот төрелігінің деңгейіне деген ерекше әсері туралы ой бөлісіп, алға қойылған барлық мақсаттарды іске асыруда сәттілік тіледі.    

Қабылдаудың қорытындысында тараптар Қазақстанның Жоғарғы Соты мен ЕҚЫҰ арасында іскерлік және достық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға өз ұмтылысын білдірді.

Қайнар: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі