Сот жүйесінің өкілдері форумда салық салу саласына қатысты сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада өткен «Салық салу және сот ісін жүргізу призмасы арқылы табысты бизнес стратегиясы» атты пікірталас форумына Жоғарғы Сот пен Сот әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Тукиев мәмілені салық салу мақсатында бағалау тақырыбына тоқталып, форумға қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Салық кодексінің жекелеген нормаларын түсіндіру практикасы туралы, клиентке бағытталған заңнамаға қол жеткізу және олқылықтарды жою мақсатында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, түзетулер енгізу қажеттілігі туралы сөз болды.

Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров өзі басқаратын мемлекеттік органның судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға, сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделі бойынша жұмыс істеуіне, соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және IT-қызметтерін белсенді енгізуге бағытталған міндеттеріне жан-жақты тоқталды.

«Соттар және сот төрелігі» сессиясында Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта сот процестерін шындыққа сай емес жариялап жататын кейбір жағдайлар жайында және соттардың жұмысын обьективті көрсету қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды.

Форум жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары Ұлбосын Сүлейменова, Нұрлан Сұлтанов, Марина Боровик, сондай-ақ жергілікті соттардың судьялары қатысты.

Источник: 
Жоғарғы Соттының баспасөз қызметі