Инвестициялық форум: инвесторлардың құқықтарын қорғау туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот, Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, ABA ROLI және USAID «Инвесторлардың құқықтарын қорғау» атты тақырыппен инвестициялық форум өткізді.

Оның жұмысына ЖС Төрағасы Асламбек Мерғалиев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшісі Дэниел Розенблюм, Жоғарғы Соттың судьялары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен инвесторлар қатысты.

Іс-шараның өтетіні туралы әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды және кез келген адам үшін форумға қатысушылардың сөздерін онлайн-режімде тыңдай алатын мүмкіндік болды.

Форумға қатысушылар алдында сөз алған А.Мерғалиев Президенттің экономиканың өсімін тежеп отырған инвестицияның тапшылығы туралы айтқан сөзін, Жоғарғы Соттың тәуелсіздік кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша реформаларды жүзеге асыруы және сарапшылардың, мемлекеттік органдардың, заңгерлер мен инвесторлардың пікір алмасуының маңыздылығы туралы атап өтті. Ол сот арқылы қорғауды нарыққа қатысушылардың сенім деңгейін және жаһандық экономикадағы елдің табыстылығын анықтайтын фактор, инвесторларды қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті және инвестициялық нарықтың тартымдылығын арттыра алады деп атады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізде ірі өнеркәсіптік топтар мен трансұлттық корпорациялар Қазақстанды таңдайтындай жағдай жасауға ниетті екенін мәлімдеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жаһандық инвестиция ағынының 12%-ға азаюы кезінде, Қазақстанға таза инвестицияның ағыны 83%-ға артқаны атап өтілді. Қазақстан тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлемнің 50 озық елінің қатарына кіріп, посткеңестік кеңістік пен Орталық Азия елдері арасында жетекші орынға ие болды. Спикер Қазақстанның инвестициялық сенімділігі рейтингтеріне тоқталып, еліміздің жаңа экономикалық парадигманы қалыптастыру факторлары ретінде Үкіметтің инвестиция тарту бойынша қабылдап жатқан шараларын атады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм шетелдік инвесторлар үшін маңызды мәселелерді талқылау алаңы бар мұндай жыл сайынғы кездесулердің форматына ризашылығын білдірді.

ЖС әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиевтің айтуынша, 2,5 жыл ішінде әкімшілік және азаматтық істер бойынша 600-ге жуық талап қою түскен. Ол мемлекеттік органдардың барлығы әкімшілік әділет аясында инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа тәсіліне ауыса алмағанын атап өтті. Қазірдің өзінде қалыптасқан «мемлекеттік мүдделерді псевдоқорғау» үрдісін жоя отырып, біршама жетістікке қол жеткізілді, бірақ форум аясында талқыланатын мәселелер бар. А.Түкиевтің сөзінің толық мәтіні мына жерде орналасқан.

«Теңізшевройл» ЖШС бас менеджері Әсет Құрманбаев тартымды инвестициялық ахуал деп құқығы мен оны қолданудың тұрақтылығын, меншік құқықтары мен келісімшарттарды құрметтеуді, әкімшілік кедергілердің жоқтығын, экономикалық тұрақтылықты, сапалы инфрақұрылымды, шетелдік капитал мен технологияларды әкелуге шектеулердің жоқтығын және білікті жұмыс күшінің болуын атап өтті. Ол мемлекеттің, бизнестің және қоғамның бірлескен жұмысын құқықтық мемлекет пен тартымды инвестициялық ахуал құрылысындағы табыстың кепілі деп санайды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Махамбет Санжанов Энергетика министрлігінің деректерін келтірді, мысалы, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға 2023 жылдың 1-жартыжылдығында 4 трлн теңге инвестиция салынған, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110%-тен астам. Оның ішінде геологиялық барлауға 6 айда – 187 млрд теңге (2022 жылға-135,7 млрд теңге). «Цифрлар қадамдардың, оның ішінде заңнаманы жақсарту және елге инвестициялардың тұрақты ағынын қамтамасыз ететіндердің мүдделерін қорғау үшін сенімді құқықтық база құрудың дұрыстығын көрсетеді», – деді ол.

«Gold Mining Corp» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры Андрей Галяпин олар ұсынатын жер қойнауын пайдалану саласындағы компания 15 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын айтты. ЖШС 47-ден астам сот процесіне қатысқан, барлық талқылау – ЖШС пайдасына шешілген. Даудың көпшілігі министрлікпен және жергілікті атқарушы органдармен (жер) жасалған келісімшарттармен байланысты болған.

А.Галяпин еліміз басшылығы тарапынан қабылданып жатқан инвестицияларды тарту және қорғау жөніндегі шараларды, уәкілетті органның инвестораларға қатысты процестерге қатысуы бойынша Жоғарғы Соттың оң практикасын тиімді деп санайды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері туралы Президент жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев, сондай-ақ «Асфальтобетон 1» ЖШС, Аvolta тобы, Каспий университеті, «Fortune Partners» ЖШС өкілдері сөз сөйледі.

Спикерлер сондай-ақ Қазақстандағы сот актілерінің тұрақтылығы, сот ісін жүргізуде сенім құқығын қорғау қағидатын іске асыру, істердің соттылығы, әкімшілік органдардың сот шешімдеріне шағымдануының негізділігі және т. б. туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Инвестфорум дәстүрлі іскерлік сындарлы өзара іс-қимыл ахуалда өтті. Оған қатысушылар осы бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруға сенім білдірді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі