Тиімді сот әкімшілігі заманауи сот төрелігін қамтамасыз етудің факторы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Нұр-Сұлтан қаласында Соттарды әкімшілендіру жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (СӘХҚ) 14-конференциясы өтті. Оның жұмысына қатысу үшін әлемнің 60 елінен 200-ге жуық өкіл келді.

Олар соттардың мүмкіндіктері мен түйткіл мәселелерін, сот тиімділігін оңтайландыру стратегиясын және құралдарын, жаңа технологияларды, сот төрелігіне қол жеткізу және сот әкімшілігі туралы, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын талқылады.

Отырыстың жұмысын аша келіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асанов ағымдағы және жаңа міндеттерді дер кезінде анықтап, осы бағытта тиісті шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол әкімшіліктендіру құралдарын әзірлеу әдістемесі – «сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы, оның ішінде сот тәуелсіздігін нығайтуға, соттардың жүктемесін азайтуға бағытталған 17 заң жобасын әзірлеудің барысы туралы хабардар етті.

Ұлыбританияның соттар және трибуналдар қызметінің басшысы Сьюзан Акланд-Худ әртүрлі екі міндетті - сот төрелігінің нәтижелілігі мен тәуелсіздігі міндетін бір мезгілде шешетін соттардың қызметінің қиындықтарына назар аударды. Техникалық тиімділікпен және мүмкіндіктермен қатар, деректердің шексіздігі мәселесінің шешілмей отырғаны туралы да сөз болды.  

Қырғызстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Гүлбара Қалиева сот ресурстарының көлеміне, сотқа деген сенімге және халық арасында құқықтық білімнің жоқтығына назар аударды.

Панельді сессияларда сот басқаруының тиімді моделі, судьяның процестік рөлі, судьялардың жұмысын бағалауды ұйымдастыру тәсілдері және сот актілерінің сапасын бақылау өлшемшарттары туралы Жоғарғы Сот Департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров (Қазақстан) және Сот істері департаментінің директоры Мұхаммед Ахмед Аль-Хашим (Сауд Арабиясы) сөз сөйледі.

Жоғарғы Соттың судьясы Мадияр Балкен (Қазақстан), USAID сот әкімшілігінің өкілі Сергей Сученко (Украина), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің өкілі Эдис Бркич (Босния және Герцеговина), округтік судья Чи-Линг СЕА (Сингапур) және Жоғарғы Сот Департаменті басшысының орынбасары Аслан Түкиев (Қазақстан) сот жүктемесін анықтау және сот төрелігінің сапасын бағалау туралы айтып берді.

Жасанды интеллект, ақыл-парасатқа негізделген келісім - шарттар және болжай отырып талдау жасау  туралы Tyler Technologies вице-президенті Кайл Сноудон (АҚШ), соттар қызметі мен трибунал қызметіндегі өзгерістер бойынша директор Ричард Гудман (Ұлыбритания) өз пікірлерін ортаға салды.  

Халықаралық бағдарламалар бөлімінің директоры Олег Шаков (Канада), Нұр-сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов (Қазақстан)  және федералдық апелляциялық соттың өкілі Фаусто Мартин Де Сантис (Бразилия) соттар мен қоғам арасындағы іс-қимылдың анықтығы, соттардың бітімгершілік рәсімдерді әзірлеудегі рөлі туралы ой бөлісті.

МАСА-ның сайланған президенті Шерил Лоеш (АҚШ), Сауда министрлігінің коммерциялық құқықты дамыту жөніндегі адвокатының кеңесшісі Адам Аль-Сараф (АҚШ), Жоғары Сот судьясының орынбасары Фатима Хубайль (Бахрейн) банкроттық туралы істерді қараудың аспектілері туралы сөз сөйледі. Courtsmetrics директоры Инго Келиц (АҚШ) соттардың блокчейн технологиясын қолдануы туралы айтты.  

Судьяларды оқытуды ұйымдастырудың тиімді модельдері және соттардағы алдын ала айыптауды еңсеру тәжірибесі туралы  Гаагадағы Халықаралық сот төрелігін жетілдіру институтының және Буэнос-Айрес сот университеті зерттеу орталығының директоры Луис Мария Пальма (Аргентина), USAID сарапшылары Ашот Агаян мен Татьяна Цувина, ҚазМЗУ ҒЗИ директорлары Мұрат Баймаханов пен Сергей Мен әңгімеледі.

Сот төрелігін бағалаудағы қиындықтар  мен мүмкіндіктер туралы  Гаага инновация институтының зерттеулер жөніндегі директоры Мауритс Барендрехт (Нидерланды) қорытынды сөз сөйледі.

Анықтамадан. СХҚ 2004 жылы Словенияда құрылған, оның кеңсесі Вирджинияда (АҚШ) орналасқан. Қауымдастықтың президенті Марк Бир, вице – президенті Қазақстан Республикасының судьясы Мадияр Балкен.

СХҚ менеджмент және цифрландыру, сондай-ақ кәсіби сот әкімшілігін дамыту мәселесімен айналысады. Бразилия, Нидерланды, Түркия, Словения, Италия, Ирландия елдерінде және басқа да елдерде жыл сайынғы 13 форум өткізілді.

 СХҚ құрамында 100-ден астам елдің өкілдері, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай, Канада, Жапония, Германия, Франция және т. б. бар.

Қазақстан 2015 жылдан бері СХҚ қатысушысы болып табылады және содан бері осы ұйымның жыл сайын өтетін үш отырысына қатысты.

Источник: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі