Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен Ғ.Мүсірепов атындағы аудан сотының жаңадан тағайындалған судьясы Рита Оразымбетова таныстырды.

Төраға судьяға судья әдебінің кодексін тапсыра отырып, табысты жұмыс, міндеттеріне адал болуға және азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау үшін сот төрелігін іске асыруды тіледі.

Е.Айтжанов бүгінгі күні судьялар алдында тұрған нақты міндеттердің ішінде Елбасы судьялардың VII съезі барысында қойған міндеттерді жүзеге асыру болып табылатынын атап айтты. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты   жоғарғы деңгейде орындау қажет тапсырмаларды жүзеге асыру жөнінде бірқатар ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларды анықтады.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі