Солтүстік Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында татуластыру рәсімдері бойынша үлестіруші судьялар, облыстың Соттар әкімшісінің басшысы, Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Солтүстік Қазақстан облыстық соты мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен татуластыру рәсімдерін қолдану саласында өзара әрекет ету» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Е.Айтжанов «дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, құқықтық дауларды шешу мақсатында медиация институтын дамыту жөнінде Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыстық сот арасында тығыз өзара байланыс орнатылғанын атап өтті.

Бүгінгі таңда өңірде Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиация орталығынан басқа, азаматтарға тұрғылықты жерлерінен шақпай-ақ дауды шешу және татуласу үшін кәсіби емес медиаторларға жүгінуге мүмкіндік беретін аудан әкімдіктерінің жанында және жекелеген селолық округтарда 67 медиация кабинеті жұмыс істейді.

Қазақстан халқының Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н. Салимов облыстық сот басшылығының қолдауымен атқарылған міндеттерді айта кетіп, еліміздің тәуелсіздігінің 25-жылдығында Қазақстан халқының ассамблеясы облыстық сотпен бірге медиация институтын дамыту жөнінде ауқымды бірлескен жұмыс жасағанын атап өтті.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктерінің төрағалары кездесуді ұйымдастырған сот төрағасына алғыстарын білдіріп, болашақта да өзара тығыз байланысып қызмет атқаратындарына сенімді екендерін айтты.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі